×

Биыл ШҚО-да 300-ден аса адамның қос азаматтық алғаны анықталған

Полицейлер 67 жастағы тұрғынның РФ азаматтығын алғанын жасырып келген

 Еркеғали Болатұлы 12.05.2022 | 17:55
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында 30-дан аса адамның қос азаматтығы бар екені анықталды.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі өңірде тұратын қос азаматтығы бар адамдарды анықтау жұмыстарын күн сайын жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері олар 300-ден аса адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркепті. Бұл жолы Қазақстан Республикасының азаматтық туралы Заңын бұзған 30-дан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, биыл сәуір айының соңында полиция қызметкерлері 2016 жылдың қыркүйек айында Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған Глубокий ауданының 67 жастағы тұрғынын анықтаған. Алайда ол туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына да, шетелдегі мекемелерге де хабарламаған.

Құқық бұзушыға ҚР ҚК 496-бабының 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (428 820 теңге) айыппұл салынды. Одан жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленді. Сондай-ақ ел азаматтығынан айырылып тынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама