×

Ақмола облысында ер адам жалған жанармай талондарын сатқан

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 Динара Амантай 03.10.2023 | 10:54
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында полицейлер жалған жанармай талондарын жасау фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу қаласының 49 жастағы тұрғыны Бурабай ауданының полиция бөліміне жүгініп, алаяқтық фактісі туралы хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, оны Астана – Петропавл автожолының 197-шақырымында белгісіз ер адам алдап, ақшасын иемденіп алған. Алаяқ оған 400 литр ЖМҚС-ның жалған талонын сатқан. Залал көлемі – 90 мың теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама