×

Алматыда қаңғыбас ит-мысыққа 178 млн теңге бөлінді

Алматыда 133 306 үй жануары тіркелген

 Айнұр Шошаева 03.10.2023 | 09:52
Фото: Halyq Uni

Биыл Алматыда қаңғыбас жануарларды аулауға және күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 178 589 000 теңге бөлінген, деп хабарлайды Halyq Uni

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, қаладағы иесіз ит-мысықттың есебі жүргізілмейді. 

Алматы қаласы бойынша «Таңба» ақпараттық жүйесінде 133 306 үй жануары тіркелген, иесіз жануарлардың есебі жүргізілмейді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарына тегін чиптеу жұмысын жүргізу бойынша ағымдағы жылға қаражат бөлінбеген, - деді басқарма. 

Алайда қалада 2016 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен тегін чиптеу бағдарламасы іске асырылып келеді. Биыл тегін чиппен қаладағы 15 мың үй жануарларын қамту жоспарланып отыр. 

2023 жылға Алматы қаласындағы қаңғыбас жануарларды аулауға және күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 178  589 000 теңге бөлінді. Қаңғыбас, ауланған жануарлар, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Спасская көшесі, №150/1 мекенжайында орналасқан уақытша ұстау пунктінде ұсталады, - деді басқарма. 

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда үй жануарларын тіркеуді міндеттейтін заң нормасы күшіне енді. Сонымен қатар үй жануарларын тіркемеген және тіркеуден бас тартқан азаматтарға айыппұл салынады. Атап айтқанда, жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК (34 500 теңге), бір жыл ішінде қайталанса 20 АЕК (69 000 теңге).

Үй жануарларын, сондай-ақ жануарларды ұстау орындарын есепке алу «Tanba» жануарларды есепке алу ақпараттық сервисі арқылы жүргізіледі. Бүгінде бұл сервисте 155 888 үй жануары тіркелген. Оның ішінде 98 954 ит, 56 929 мысық, 2 сасық күзен мен бір ергежейлі шошқа тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама