×

Сенатта «Қоғамдық бақылау туралы» заң мақұлданды

Заң нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған

 Дәурен Ерболат 21.09.2023 | 11:11
Фото: inbusiness.kz

Сенаторлар Мәжіліс қабылдаған «Қоғамдық бақылау туралы» заңды және ілеспе құжатты мақұлдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Заңға сәйкес петиция ұғымы енгізіледі. Бұған дейін бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі петицияға қол қойған қазақстандықтар қудаланбайтынын айтқан еді.

Сонымен қатар Мәжіліс қабылдаған «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңы екінші оқылымда мақұлданды. Заң қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және жекелеген заңнамалық актілерді «Қоғамдық бақылау туралы» негізгі заңның ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған. 

Жоғарыда көрсетілген ережелерді іске асыру:

  • Су, әкімшілік рәсімдік-процестік, 
  • Экология кодекстеріне,
  • «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 
  • «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»,
  • «Құқық қорғау қызметі туралы», 
  • «Назарбаев университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», 
  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», 
  • «Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы», 
  • «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», 
  • «Қоғамдық кеңестер туралы»,
  • «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», 
  • «Табиғи монополиялар туралы» заңдарына бір мезгілде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама