×

Алматылықтар Q-net қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған

5 айыпталушы заң алдында жауап береді

 Дәурен Ерболат 16.08.2023 | 09:44
Фото: Halyq Uni

Алматыда тұрғындар Q-net қаржы пирамидасына 75 млн теңге салып, сан соғып қалды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Q-net қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында 5 айыпталушының 2018 жылғы қарашадан 2022 жылға дейін қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды.

Олар Q-net-ке 45 салымшы тартып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген. Бүгінде 5 күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік бұғатталды, - деп жазылған хабарламада.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын, сотталушының мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеміз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама