×

1 млрд теңге: Астанада қылмыстық топ мекемелерге салықтан жалтаруға көмектескен

Олар жалған шот-фактура жазумен айналысқан

 Динара Амантай 09.08.2023 | 11:22
Фото: ашық дереккөз

Астанада жұмысты, қызмет көрсетуді және жүктерді жөнелтуді нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша бір топ азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА елордалық департаментінің мәліметінше, 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін қылмыстық топтың мүшелері мүліктік пайда алу мақсатында нақты қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарларды жөнелтпестен, бақылаудағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан шот-фактуралар беру бойынша заңсыз іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесті. Осылайша, олар мемлекетке өтелмеген 1 млрд теңгеден астам салық түрінде аса ірі көлемде зиян келтірген.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деді ҚМА-ның ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері сотталған болатын. Олар жосықсыз кәсіпкерлерге материалдық сыйақы үшін 6,8 млрд теңге көлемінде салық төлеуден жалтаруға көмектескен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама