×

Шымкентте жоғалған 18 жастағы қыздың жездесі қамауға алынды

Бойжеткеннің мәйіті үйдің жертөлесінен табылды

 Динара Амантай 08.08.2023 | 14:10
Фото: sun9-73.userapi.com

Шымкентте жоғалған 18 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 тамызда Әл-Фараби адандық ПБ-ға жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамызда үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.

Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың іс-түзсіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді.

Бүгін сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби аудандық ПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқанын хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мәйітті анықтады. Бойжеткеннің туған жездесі оны өлтірді деген күдікке ілінді, – делінген ПД-ның хабарламасында..

ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама