×

Шымкентте 18 жастағы студент қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Бойы – 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі (ЗОБ) бар

 Еркеғали Болатұлы 06.08.2023 | 17:05
фото: Шымкент қаласының ПД

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен 18 жастағы тұрғынды іздеп жатыр.

Жоғалған қыз туралы хабарлама кеше әл-Фараби ауданындағы полиция басқармасына түскен. Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамызда сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.

Оның жүрген жерін анықтауға Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Аида Долана – «Бұлақ» колледжінің 1-курс студенті. Бойы – 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі (ЗОБ) бар.

Қызды іздеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз, - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама