×

Қызылорда облысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды

Жәбірленушілерге 46 млн теңге залал келтірілген

 Динара Амантай 30.06.2023 | 11:47
Фото: alataunews.kz

Қызылорда облысында «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырған азамат қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Qnet қаржы пирамидасын Қызылорда облысы аумағында құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Анықталғандай, ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оған 38 адамды тартқан. Жәбірленушілерге 46 млн теңге залал келтірілді.

Соттың санкциясына сәйкес, ол «күзетпен ұстау» түріндегі шарамен 2 ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама