×

Қостанайда 500 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған кәсіпкерлер ұсталды (ВИДЕО)

Сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция берді

 Динара Амантай 22.06.2023 | 10:03
Фото: Halyq Uni

Қостанайда 500 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған кәсіпкерлер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің мәліметінше, бір топ кәсіпкер агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін ведомствоның қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен әшкереледі.

Қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары шын мәнінде жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жалған жеткізіп, олар үшін субсидиялар төленіп, ақша ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар арасында үлестірілді. Ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласы қамауға алынып, сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама