×

«Алғысымды сөзбен жеткізе алмаймын»: Димаш Құдайберген марқұм атасы жайлы

Танымал әнші көңіл айтқандарға әлеуметтік желіде алғысын білдірді

 Динара Амантай 18.06.2023 | 11:33
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Бүкіл әлемге есімі әйгілі қазақстандық әнші, сазгер Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасына бақилық болған атасына арнап әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Рахмет, папа! Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін! Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын.  Айтқандарымнан айтып үлгермегендерім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің кенжетайың.

Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын, – деп жазды әнші.

Еске сала кетсек, 13 маусымда танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасына қараған шағында дүниеден өткен еді. Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде марқұмның жаназасы шығарылып, оны жақындары мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама