×

«Дикий Арман» 7 тамызға дейін қамауда болады

Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтарда Алматыда ұсталды

 Халық үні 06.06.2023 | 15:25
Фото: ашық дереккөз

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 5 маусымда сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

Соған байланысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін 2 айға дейін, яғни 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция берілді.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтарда Алматыда ұсталды. Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде оның ҰҚК-дегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама