×

Қаңтар оқиғасы: «Дикий» Арман ҰҚК-дегі куратордың нұсқауымен жұмыс істеген

Жұмагелдиев тәртіпсіздік ұйымдастырып, көпшілікті бақылауға алуы қажет болған

 Айгерім Таубай 05.01.2023 | 10:52
Фото: Тимур Батыршин

Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегенін анықтады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Дикий Арман» ретінде белгілі Жұмагелдиев тәртіпсіздік ұйымдастырып, көпшілікті бақылауға алуы қажет болған. Сондай-ақ билікке талап қою үшін «халық кеңесін» құру туралы тапсырма алған.

«Оған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, Махатов криминалдық тобының белсенді мүшесі белсенді көмектесті. Ол Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған. Алайда олар жаппай наразылықты басқара алмады. Адамдар олардың артынан ермеді», - деді Асылов.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ұсталғанын естіген соң, қылмысқа қатысы жоқ екеніне сендіру мақсатында содырларға тонаумен күресу үшін қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылды.

Осы мақсатта 6 қаңтарда олар «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып, ұстады.

Кейін оларды қаланың шетіне апарып, ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерде түнеткен.

Сосын оларды әуежайға жеткізген, сол жерде Өтепбаев азаптаудан қайтыс болған.

Бұл фактілер бойынша тергеу аяқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама