×

Медеудегі өрт: қаза тапқан Арслан Құрманбековтің отбасына қандай көмек көрсетіледі

Алматы әкімдігіне марқұм өрт сөндірушінің анасына үй бөлу туралы өтініш жолданған

 Халық үні 11.05.2023 | 09:11
Фото: Tengrinews.kz

Медеуде шыққан өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбековтің отбасына 13 млн теңге көлемінде бір реттік өтемақы төленеді. Бұл туралы Алматының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Арслан Құрманбековтің мұрагерлеріне оның 60 айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) – шамамен 13 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар жерлеу шығындарына 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі Президент әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді, - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Алматы қаласы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек ретінде Құрманбековтың анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданған. 

Айта кетейік, 8 мамырда Медеуде шыққан өртті сөндіру кезінде 1 өрт сөндіруші қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама