×

Медеудегі алапат өрт салдарынан өрт сөндіруші қаза тапты

1994 жылы туған

 Еркеғали Болатұлы 08.05.2023 | 15:15
фото: Алматы қаласы ТЖД

Медеудегі алапат өртті сөндіру кезінде 1 өрт сөндіруші қаза тапты. Бұл туралы бүгін ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Толығырақ тоқтала кетсек, бүгін түнде тау баурайындағы өртті сөндіру барысында Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты, 1994 жылы туған Арслан Құрманбеков көз жұмды.

ТЖМ өрт сөндіруші Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды, - делінген хабарламада.

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама