×

Астанада ер адам өзіне қол салмақ болды

31 жастағы ер адамды мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр

 Динара Амантай 06.05.2023 | 17:01
Фото: inform.kz

Астанада ер адам көпірден секірмек болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше таңғы сағат 8 шамасында ЖБО-ның «102» арнасына оқиға куәгерлерінен Янушкевич көшесінің бойындағы көпірден ер адамның секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына дер кезінде жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жақын маңда кезекшілікте болған.

Полицейлер, оқиға орнына жеткен кезде ер адамның аяғының көпірдің таянышында салбырап тұрғанын байқаған. Полиция қызметкері Серғазы Баянбаев жағдайды бағалап, тез жүгіріп барып, ер адамды қатты ұстап алып, оны қауіпті аймақтан алып шықты. Алайда ер адам өзін жөнсіз ұстап, полицейдің қолынан босаған. Сол мезетте көмекке оның серіктесі Айдос Сүлейменов жүгіріп келді. Олар ер адамды жұбатып, оны Алматы ауданының Полиция басқармасына жеткізді.

31 жастағы ер адамды мұндай ағат қылыққа не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда ер адам өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама