×

Атырауда ер адам 16-қабаттан секірмек болды (ВИДЕО)

Қазір 23 жастағы ер азаматтың мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр

 Динара Амантай 06.05.2023 | 15:15
Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлер 16 қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін түнде сағат 3:06 шамасында «102» арнасына Алмагүл мөлтек ауданы бойындағы көпқабатты үйдің 16 қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Атырау қалалық ПБ-ның патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов және қызмет инспекторлары Айдос Кубиев пен Серік Жолдығалиұлы дереу жетіп тез арада жоғары қабатқа көтерілген. Оларды байқаған ер адам оған жақындамауын ескертіп, айқайлай бастаған. Жағдайды бағдарлай отырып, полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысып, ығайлы сәтті күтіп, шапшаң қимылдап оның арқасынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген.

Қазір 23 жастағы ер азаматтың мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама