×

Алматыдағы курсанттың өліміне қатысты тың мәлімет шықты

Марқұмның соңғы хаты жарияланды

 Динара Амантай 01.05.2023 | 16:32
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы ҰҚК академиясының жатақханасында өзіне қол жұмсаған курсанттың соңғы хаты жарияланды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Хатта жазылғандай, жас жігіт құмар ойынға тәуелді болған. Марқұм өзіне қол жұмсаған күні жаңадан алған несиесінің төлем уақыты келгенін жазған.

Ата-анам арманымның бәрін орындап, қалағанымның бәрін істеді. Жұрттан қалмасын деп күндіз-түні мен үшін еңбек етті. Ал мен бұның бәрін осылай өтедім, – делінген хатта.

Курсанттың артын қалдырған соңғы хатында ата-анасынан кешірім сұрап, олардың көз жасына себепкер болғанына өкінетінін жазды. Сонымен бірге ол егер жұмақ пен тозақ бар болса, басқа күнәһарлармен тозақ отына күйетінін жеткізген. Хат соңында жігіт өз өліміне ешкімді кінәламауды сұраған.

30 сәуірде Алматыдағы ҰҚК академиясының курсанты өлі табылды. Қайғылы оқиға Академия жатақханасында болған. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, курсант өзіне қол жұмсаған. Полиция курсанттың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама