×

ҰҚК Академиясының курсанты жатақханада өзіне қол салды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 Динара Амантай 01.05.2023 | 14:46
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының жатақханасында курсанттың мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-ші оқу жылы курсантының денесі табылған. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру.

Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сенат депутаты Геннадий Шиповских сарбаздардың өліміне әскери басшыларды жауапқа тарту керектігін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама