×

ШҚО-да қайтыс болған 39 жастағы қала әкімінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Дархан Қосантаев – 2022 сәуір айынан бері Риддер қаласы әкімінің орынбасары

 Халық үні 27.04.2023 | 09:51
Риддер қаласы, фото: noks.kz

21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковойдың қайтыс болғаны хабарланды. БАҚ өкілдерінің жазуынша, ол ауруханада (жүрегі тоқтаған) бақилық болған.

Дмитрий Анатольевич Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

2007 – 2014 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен.

2015 – 2020 жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған.

2020 жылдан бастап Риддер қаласының әкімі болды.

Енді Риддер қаласы әкімінің міндетін атқару 31 жастағы Дархан Қосантаевқа жүктелді. Д.Қосантаев 2022 сәуір айында Риддер қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама