×

Прокурор Назарбаевтың экс-келінін 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Гүлмира Сатыбалдыны «Құрмет» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізіледі

 Айгерім Таубай 25.04.2023 | 17:10
Фото: Halyq Uni

Астанада прокурор Назарбаевтың экс-келінін 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астанада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтіп жатыр.

Бүгін мемлекеттік айыптаушы Азамат Сәрсенбаев бірнеше бап бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны мүлкін тәркілемей, 8 жылға бас бостандығынан айыруды.

Гүлмира Сатыбалдыны қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, - деді прокурор.

Одан бөлек, мемлекеттік айыптаушы Гүлмира Сатыбалдының қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуін сұрады.

Мемлекет басшысына Гүлмира Сатыбалдыны «Құрмет» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін, - деді прокурор.

Сондай-ақ прокурор іс бойынша үш сотталушы — Сатыбалды, Батыршаев және Өтебековке бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

ГҮЛМИРА САТЫБАЛДЫ ІСІ

Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4 бөлігі (өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8 тармағы (адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігінде (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

Айыптау актісіне сәйкес, 2020 жылдың қыркүйегінде Сатыбалды Алагөзовке тиесілі акциялар пакетін заңсыз иемденген. Содан кейін Сатыбалды Мекешеваның меншігіндегі «Maxi Bottlers» үлесінің 75%-ын басқа сенімді тұлғаға қайта жазуды тапсырған. Алайда алдын ала уәде берген компания акцияларының 5%-ын Мекешеваға беруден бас тартқан.

Содан кейін Сатыбалды Мекешеваның өз еркімен акцияны жазып бермейтінін түсініп, оны ұрлау әрекетін ұйымдастырған. Мекешеваны ұрлап әкетуді жеке көмекшісі Батыршаевқа тапсырған. Ал Батыршаев бұл іске өзінің үш танысын тартқан.

Іс бойынша үш сотталушы бар. Олар: Гүлмира Сатыбалды, Мади Батыршаев және Рашид Өтебеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама