×

Назарбаевтың экс-келіні кінәсін ішінара мойындады

Гүлмира Сатыбалды жәбірленуші Айгүл Мекешевамен медиативті келісімге келуге дайын екенін айтты

 Айгерім Таубай 21.04.2023 | 18:03
Фото: Halyq Uni

Гүлмира Сатыбалды сотта айыпты ішінара мойындады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мен айыпты ішінара мойындаймын, бірақ қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша кінәмді мойындамаймын. Адам ұрлау әрекеті бойынша да мойындамаймын. Мекешеваға 5% акцияны беремін деп, сөзімде тұрмағанымды мойындаймын», - деді Гүлмира Сатыбалды.

Айтуынша, Айгүл Мекешеваны ұрлау туралы ешқандай тапсырма бермеген.

«Мен (жәбірленуші) Айгүл Мекешевамен медиативті келісімге келіп және оған акцияны беру туралы шешім қабылдадым. Келісімшартты сотқа ұсындық. Айгүл Мекешеваға ешқандай өкпем жоқ. Ол танысқан сәттен бастап менің жақын адамым болды. Арандатуға ергеніме өкінемін. Алайда ешқашан адамды ұрлау әрекетін ұйымдастырған емеспін. Айгүл Мекешеваны ұрлау туралы ешқандай тапсырма берген емеспін. Егер ұрлау әрекетін ұйымдастырсам, оны үйіме алып келуді тапсырмайтыным анық. Ешқашан криминал әрекет жасаған емеспін, заң нормаларынан аттамадым», - деді ол.

ГҮЛМИРА САТЫБАЛДЫ ІСІ

Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4 бөлігі (өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8 тармағы (адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігінде (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

Сотта Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындамады

Жауап алу барысында адвокат Әсемгүл Даниалова Гүлмира Сатыбалдыдан «Алагөзов сізге қандай айып таққанын көріп отырсыз. Алагөзовтің өзімен және бұрынғы әйелімен қалай танысқаныңызды айтып берсеңіз», деп сұрады.

«Алагөзов мен рейдерлік жасады деп айыптап отыр. Ол мені компаниясын тартып алды деп айыптады. Моральдық шығынды неге екені белгісіз 135 млрд теңге деп есептеп отыр. Мен мұндай ақша туралы тіпті мемлекеттік бюджетте де естіген емеспін. Мен секілді Қазақстанның қарапайым азаматында ондай көлемдегі қаражат қайдан болсын? Мен келіспеймін. Ешқандай өзінше билік ету болған жоқ, мен оның компаниясын тартып алған жоқпын», - деп жауап берді Гүлмира Сатыбалды.

Айтуынша, Қайрат Сатыбалдымен ажырасқанына 20 жыл болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама