×

Назарбаевтың экс-келіні сотта өзіне тағылған айыпты толық мойындамады

Іс бойынша үш сотталушы бар

 Айгерім Таубай 14.03.2023 | 13:34
Фото: Halyq Uni

Астанада Гүлмира Сатыбалды және басқа да сотталушыларға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Істі судья Кемеңгер Имашев қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушы – Азамат Сәрсенбаев.

Іс бойынша үш сотталушы бар. Олар: Гүлмира Сатыбалды, Мади Батыршаев және Рашид Өтебеков.

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Сәрсенбаев айыптау актісін оқыды. Соған сәйкес, Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4 бөлігі (өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8 тармағы (адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігінде (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

Сотта Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыпты толық мойындамады.

Тағылған айыпты толық мойындамаймын, - деді Сатыбалды.

Ал іс бойынша басқа екі сотталушы Батыршаев пен Өтебеков өздеріне тағылған айыпты ішінара мойындады.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Бұған дейін сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама