×

Ақмола облысында ақша бопсалады деген күдікті ұсталды

Күдікті жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан

 Динара Амантай 05.04.2023 | 11:35
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысында 2 млн теңге бопсалаған астаналық ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Бурабай ауданының ПБ-не Астана қаласының тумасы бопсалау фактісімен жүгінген. Арыз берушінің айғақтары бойынша, елорда тұрғыны оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату қаупімен 2 млн теңге бопсалаған.

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Бурабай аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің ақшалай қаражатты беруі кезінде қылмысқа қатысы бар адамды анықтады.

Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр. ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама