×

Павлодар облысында бір ауданнан жоғалған 2 адамның бірі өлі табылды

Іздестіру жұмыстарын Рoiskoviki_pavlodara_vita тобы жүргізіп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 26.03.2023 | 15:35
фото: дереккөз

Павлодардағы еріктілер тобы екі ер адамды іздестіріп жатыр, екеуі де бір ауданның тумалары, деп жазған еді Pavlodarnews.kz. Қазір олардың бірі Галкен Межекеновтің өлі табылғаны хабарланды. Өлім себебі әзірге белгісіз.

Ал екіншісі – Илья Сагайдак әлі табылмаған. Іздестіру жұмыстарын Рoiskoviki_pavlodara_vita тобы жүргізіп жатыр. Еріктілердің айтуынша, екі адам да әртүрлі уақыт аралығында бір ауданда жоғалып кеткен.

Илья Сагайдак 23 наурызда үйден шығып кеткен күйі қайып оралмаған. Үйден кетер алдында туыстарына біраз уақытқа шығатынын айтқан. Телефоны мен құжаттарын, ақшасын үйінде қалдырып кеткен. Бұған қоса, жұмысқа шықпаған. Галкен Межекенов 19 наурызда шығыс өнеркәсіп аймағында жұмыстан шыққан. Бірақ үйіне немесе жұмысқа қайтып оралмаған, - дейді еріктілер.

Еріктілер іздестіру шараларына атсалысқысы келетіндер, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендер туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина) немесе +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама