×

Түркияда зілзала кезінде 4 қазақстандық жоғалып кетті

Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі мәлімдеді

 Айгерім Таубай 08.02.2023 | 16:01
Уфук Екиджи, елші

Түркияда жер сілкінісінен кейін төрт қазақстандық хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Біздегі ақпаратқа сәйкес Түркияда 4 қазақстандық жоғалып кетті, - деді елші.

Елшінің айтуынша, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың біреуі Адана қаласында, үшеуі Хатай провинцияда жүрген. Алайда, түрік дипломаты әзірге азаматтарды іздеу бойынша ресми өтініш түспегенін, бұл әлеуметтік желідегі ақпарат екенін ескертті. 

Түркияда жер сілкінісі болған аймақтарда 13,5 млн адам тұрады. Түркия елшісінің айтуынша, соңғы рет осындай жойқын жер сілкінісі 1939 жылы болған. Сол кезде көптеген азамат зардап шекті, қайтыс болды. Кейінгі 84 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі 2023 жылдың 6 ақпанында болды. Соңғы ақпапатқа сәйкес, жер сілкінісі болған жерлерде 5 775 нысан зақымданды. Қайтыс болғандар саны 7 108 адамға жетті. Жарақат алғандар саны 41 мыңға жуықтады.

Сондай-ақ Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи Түркияға көмек көрсетуге болатын арнайы шот ашылғанын мәлімдеді. Шот нөмірі елшіліктің ресми сайтында жарияланды. 

Одан бөлек, елші тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Бұл жағдайды алаяқтардың пайдаланып кетуіне жол бермеу қажет екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама