×

Біртанов ісі: сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырмады

Бұған дейінгі сот отырысы экс-министрдің денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды

 Айгерім Таубай 10.01.2023 | 16:13
Фото: Halyq Uni

Астанада судья Айбек Әмірғалиев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокатының өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Адвокат Нұрлан Бейсекеев қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабына сүйеніп, іс бойынша судьяға қарсылық білдірді.

Судья Айбек Әмірғалиев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісі бойынша апелляциялық сот құрамына қарсылық білдіру туралы өтінішті қанағаттандырмады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 28 қазанында Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке сот үкімі шықты.

Сот шешімімен Елжан Біртанов 5 жылға, Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.

9 қарашада Елжан Біртановтың адвокаттары сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама