×

Елорда маңына қатынайтын 11 автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды

Қоғамдық көліктің жүрмеуіне ауа райы себеп болған

 Халық үні 08.01.2023 | 11:47
фото: Halyq Uni

Елордада қала маңына қатынайтын бірнеше автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын №305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317, 318, 327 автобусының қозғалысы уақытша тоқтатылды, - делінген City Transportation Systems таратқан ақпаратта.

Қала маңына қатынайтын басқа автобустардың кестесінде өзгеріс жоқ.

Айта кетейік, синоптиктердің болжамына сәйкес 8 қаңтарда еліміздің солтүстік-батысында қатты қар жауады. Солтүстігінде, батысында суық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы күрт төмендейді.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Елдің оңтүстігі мен орталығында тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама