×

Тоқаев: Президент – халықтың жалдамалы менеджері

Бұл лауазым артықшылықтан бұрын жауапкершілікті жүктейді

 Динара Амантай 16.11.2022 | 11:25
Фото: atr.kz

Президент ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді. Бұл ойымен Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу барысында бөлісті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды. Сондықтан президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді. Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым, – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесіп, қаладағы басты проблемаларды атады. Сондай-ақ ол кездесу барысында қаңтарда Алматыны қиратқандар туралы айтты. Бұған қоса президент қаладағы 3-6 жас аралығындағы балалардың 97%-ын мектепке дейінгі біліммен қамтуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама