×

Алматыда қаржы пирамидасының салымшыларына 123 млн теңге қайтарылды

Ұйымдастырушысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

 Динара Амантай 07.11.2022 | 09:19
Фото: news.myseldon.com

Алматыда «B2B Jewelry» қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 миллион теңге қайтарылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «B2B Jewelry» зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама