Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Халық үні

Еліміз өз азаматтарын біртіндеп эвакуациялап жатыр

фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Украинадағы елшілігі үндеу жасады.

2022 жылғы 28 ақпанда сағат 9.30-да Қазақстанның Украинадағы елшілігінен қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға Львов қаласына автобус жөнелту жоспарланған. Автобус сыйымдылығы 50 орын, - делінген хабарламада.

Елшілік мекенжайы - Ю.Ильенко, 26. Байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08.

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің әлеуметтік желілерінен өзекті ақпаратты қадағалап отыруға болады:

  • Instagram - kazenbukr
  • Facebook - KazEmbassyUkr
  • Telegram - t.me/KZembassyinUKR

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан және Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғы анықталды. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі.