×

Қазақстанда жұмыс істегісі келетін ресейліктердің саны азайған

1 мың ресейлік электронды еңбек биржасына түйіндемесін орналастырған

 Дәурен Ерболат 11.10.2022 | 12:27
Фото: Flickr

Бүгінде елімізде жұмыс істегісі келетін ресейліктердің саны азайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы Ресей азаматтарының Қазақстанға келуі еңбек нарығына айтарлықтай әсерін тигізбейді деген пікірде.

Қазақстанға қанша ресейлік келгеніне Ішкі істер министрлігі жауап берсін. Себебі бұл олардың функциясына жатады. Мен соңғы рет сіздерге осында жұмыс істегісі келетін ресейліктер туралы айтқанмын. Алдында олардың саны 7 мың, кейін 5 мың 300 болды. Бұл сан осы деңгейде тоқтады. Электронды еңбек биржасындағы дерекке сүйенсек, 5 мың адамның 1 мыңы түйіндемесін биржада қалдырған, - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан соң.

Министрлік мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 353 мың ресейлік жүр.

Еске сала кетсек, биыл 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялаған еді. Содан кейін ресейліктер Қазақстан, Грузия мен Арменияға ағылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама