×

Қазақстанда қанша ресейлік жүргені белгілі болды

Олардың 7 мыңы жұмыс істеуге ниетті

 Дәурен Ерболат 30.09.2022 | 15:39
Фото: Halyq Uni

Бүгінде Қазақстанда 353 мың ресейлік бар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ресейліктерге жұмысқа тұруға жағдай жасалмайды. Ол – белгілі жағдай. Қазіргі таңда 353 мың ресейлік Қазақстанда жүр. Оның 7 мыңы ғана елімізге жұмыс істеуге келген. Сондықтан ресейліктердің келуі еңбек нарығына әсер етпейді. Қайталап айтайын, ресейліктердің жұмысқа тұруына жағдай жасалмайды,  - деді Олжас Ордабаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр бұл биыл 9 айдағы статистика екенін атап өтті. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі Ресейде ішінара мобилизация жариялаған соң Қазақстанға шамамен 100 мың ресейлік келгенін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама