×

Онлайн микрокредит беруді шектеу: «Тоқтатпасын, пайызын азайтсын»

Қазақстанда онлайн кредит алу қиындауы мүмкін

 Наима Нұрәлі 19.12.2022 | 10:46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарызын төлей алмай жүрген азаматтарға қатысты жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Тоқаев кепілсіз онлайн микрокредит беруді реттеу қажет екенін айтты.

Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыз алушыларды жаңа міндеттемелерді қабылдаудан "қорғау" тетігін ойластырған жөн. Жақын арада мен тиісті жарлыққа қол қоямын, - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, кепілсіз онлайн микрокредитті қатаң реттеу қажет. Оның сөзінше, кей елде оған толық тыйым салынған. Сол себепті осы тәжірибені зерделеуді тапсырды.

Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін Halyq Uni тілшісі тұрғындардың пікірін біліп, «онлайн кредитке шектеу қою керек пе?» деген сауалға жауап алып қайтты.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама