×

Онлайн кредит алу қиындауы мүмкін

Президент қарызын төлей алмай жүрген азаматтарға қатысты жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

 Халық үні 12.12.2022 | 12:52
Halyq Uni

Мемлекет басшысы кепілсіз онлайн микрокредит беруді реттеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарызын төлей алмай жүрген азаматтарға қатысты жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыз алушыларды жаңа міндеттемелерді қабылдаудан «қорғау» тетігін ойластырған жөн. Жақын арада мен тиісті жарлыққа қол қоямын, - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, кепілсіз онлайн микрокредитті қатаң реттеу қажет. Оның сөзінше, кей елде оған толық тыйым салынған. Сол себепті осы тәжірибені зерделеуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама