×

«Көптеген боксшы жан-жаққа қашқан кезде...» - Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Кеше Top Rank промоутерлік компаниясы Ж.Әлімханұлы – Д.Бентли (17-1-1,14КО) жекпе-жегін ресми түрде жариялады

 Еркеғали Болатұлы 04.10.2022 | 09:30
фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0,8 КО) кезекті жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.

Көптеген боксшы жан-жаққа қашқан кезде шақыруды қабыл алғаны үшін Дензель Бентлиге алғыс айтамын. Лас-Вегастағы The Palms-та әлем чемпионы атағын қорғау мен үшін үлкен құрмет және әлемге «Қазақ стилі» не екенін тағы бір рет көрсететін боламын, - дейді ол.

Сондай-ақ боксшы Instagram-дағы парақшасына: «Вегаста көріскенше! Көзілдірік тағып кел, себебі мен рингте жарқырайтын боламын. Qazaq Style», - деп жазды.

Айта кетейік, кеше Top Rank промоутерлік компаниясы Ж.Әлімханұлы – Д.Бентли (17-1-1,14КО) жекпе-жегін ресми түрде жариялаған болатын.

«Сенбі, 12 қараша күні Palms-тегі турнирде әлем чемпионы атағы үшін екі жекпе-жек өтеді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама