×

Украина Ресей әскерінен Лиман қаласын азат етті

ВВС агентігінің хабарлауынша, Украина әскері Лиман маңындағы тағы 5 елді мекенді өз бақылауына алды

 Халық үні 03.10.2022 | 07:42
ашық дереккөзден

Украинаның қорғаныс күштері Донецк облысындағы Лиман қаласы Ресей әскерінен толық босатылғанын хабарлады.

ВВС агентігінің хабарлауынша, Украина әскері Лиман маңындағы тағы 5 елді мекенді өз бақылауына алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардан Ресей жасағының кеткенін осы елдің Қорғаныс министрлігі растады.

«Адам шығынына қарамастан, қарсылас тарап адам саны мен техника жағынан басымдыққа ие болды және бұл бағыттағы шабуылын жалғастыра берді. Төнген қауіпке байланысты одақ әскеріне басқа шепке ауысуға тура келді», - деді Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама