×

Ресейлік дәрігер заңнаманы бұзғаны үшін елден шығарылды

Ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған

 Динара Амантай 02.10.2022 | 17:36
Фото: @kozachkow

Қазақстанда бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған ресейлік дәрігер ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша 23 қыркүйек күні Ресей Федерациясының азаматы Роман Алферов ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне «Қордай авто» бақылау-өткізу пунктінде тапсырылды.

Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық ПБ-ның арызы бойынша Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған. Сонымен қатар ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиков.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей азаматы қылмыс жасап, 12 жыл бойы Қазақстанда жасырынғаны туралы хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама