×

Ресей азаматы қылмыс жасап, 12 жыл бойы Қазақстанда жасырынған

Кейін «Форточниктің» тағы бірнеше қылмыс жасағаны белгілі болды

 Дастан Жұмабекұлы 16.09.2022 | 14:18
Фото: gorod55.ru

Жақында 63 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Ол Омбы және Калачинск қаласында сегіз әйелді зорлады күдікпен қамауға алынды.

Ресей азаматы 12 жыл бойы Қазақстанда жасырынған.

Бұл туралы «Город 55» порталы хабарлады.

«Форточник» деген лақап атымен белгілі болған қылмыскер полициядан 12 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келген. Ол  құрбандарының пәтерлеріне терезеден кіріп, қорлық көрсететін болғандықтан, оны «Форточник» (терезеден кіруші) деп аталып кеткен.

Қылмыскер Қазақстаннан Омбы қаласынан оралған кезде ұсталды. Қаскүнем Қазақстанда да қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылған.

Ол Қазақстанда «тонау» қылмысы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеп болған соң, Омбыдағы сүйіктісіне қайтып келгісі келген. Қазір тергеу болып жатыр – деді Омбы облысының құқық қорғау органдары.

Омбы тұрғынына қатысты қылмыстық іс 2010 жылы «Зорлау» әрекеті бойынша қозғалды. Кейін оның тағы бірнеше қылмыс жасағаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама