×

ІІМ вайнер Әзімжан Саидбаевтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

БАҚ-та Әзімжан Саидбаев Түркияда ұсталды деген хабар тарады

 Халық үні 01.10.2022 | 19:52
фото: ашық дереккөзден

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны рас па? Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Айта кетейік, бүгін таңертең бірқатар БАҚ ресурстарында халықаралық іздеу жарияланған вайнер Әзімжан Саидбаев Түркияда ұсталды деген хабар тарады.

Шетелдік әріптестерден қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ. Қазақстан интерполының ұлттық орталық бюросы осылай деп отыр, дейді ІІМ Telegram парақшасында.

Еске сала кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама