×

Зеленский Ресеймен қандай жағдайда келіссөздер жүргізетінін айтты

Зеленский Ресейдің басқа президентімен келіссөздер жүргізетінін айтты

 Халық үні 30.09.2022 | 22:55
Фото: әлеуметтік желіден

Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путин биліктен кетпейінше Ресеймен келісімге келмейтінін айтты.

Украина басшысы келіссөздерді жалғастыруға қойылатын талаптарды өз Telegram-арнасында мәлімдеді. 

Біз Ресеймен президенті ауысқан жағдайда ғана сөйлесеміз, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін РФ президенті Владимир Путин Украинаның 4 облысы Ресейдің қол астына өткенін айтып, украиндықтарды соғысты тоқтатуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама