×

Президент сайлауы: тағы бір кандидат саяси додаға қатысатынын мәлімдеді

Әлтаев әзірге қандай партия атынан ұсынылатыны туралы мәселе шешіліп жатқанын айтты

 Халық үні 30.09.2022 | 21:37
ашық дереккөзден

Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты, мемлекет қайраткері Нұржан Әлтаев Қазақстан президенті сайлауына түсуді жоспарлап отыр, деп хабарлады orda.kz.

«Мен президенттікке үміткер болу мүмкіндігін қарастырып жатырмын», – деді Әлтаев Власть порталына берген жауабында.

Әлтаев әзірге қандай партия атынан ұсынылатыны туралы мәселе шешіліп жатқанын айтты.

Нұржан Әлтаев әр жылдары «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында департаментті басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болды. ОҚО «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры болды, өңірлік кәсіпкерлер палатасын басқарды.

Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 2017 жылдан 2018 жылға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі, содан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

2019 жылғы ақпанда «Нұр Отан» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаты болды, бірақ 2020 жылғы желтоқсанда партиядан шығарылды. Тиісінше Әлтаев депутаттық өкілеттігінен айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама