×

Төреғали Төрәлі Көлсайда болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіге тараған видеожазбада әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады

 Халық үні 30.09.2022 | 19:48
Фото: polisia.kz

Уақытша ұстау изоляторында отырған әнші Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтты, деп хабарлады polisia.kz.

Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Соның салдарынан шыққан жанжал төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіге тараған видеожазбада әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады.

Аталған құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293- бабы («Бұзақылық») бойынша тіркелген.

Айта кетейік, Көлсай көлдерінде гид жігітті соққыға жыққан Төреғали Төрәліні полиция бүгін қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама