×

Төреғали Төреәлі қамауға алынды (ВИДЕО)

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді

 Динара Амантай 30.09.2022 | 15:49
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахмановтың мәліметінше, 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданындағы ұлттық саябақтың аумағында болған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу істі дұрыс шешу мақсатында қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатынын атап өтейін, – деді Рустам Абдрахманов.

Қылмыстық істің тергеу барысы мен нәтижелерін Алматы облысының полиция департаменті бақылауға алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода жас жігіт өзіне әнші Төреғали Төреәлі тап беріп, қабағын жарғаны туралы айтқанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама