×

Қазақстан Қытаймен шекарасын уақытша жапты

1-3 қазан күндері көлікті өткізу бекеттері жұмыс істемейді

 Дастан Жұмабекұлы 30.09.2022 | 17:42
фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитеті 1-3 қазан күндері Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейтінін хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 1-3 қазан аралығында екі елдің шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көліктер мен жүктердің өткізілмейтінін хабарлайды, –  делінген хабарламада.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері жұмысын жалғастыра береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама