×

Қазақстаннан Сейшел аралдарына тікелей әуе рейсі ашылады

Қос ел алғаш рет меморандумға қол қойды

 Дәурен Ерболат 30.09.2022 | 17:40
Фото: moskvichmag.ru

2023 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында Виктория – Алматы әуе рейсі іске қосылады деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Канададағы Монреальда өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-сессиясында Қазақстан делегациясы Сейшел аралдары республикасының Авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Сейшел аралдары республикасы Көлік министрі Энтони Дерьякуестің кездесуі барысында қос ел арасындағы тікелей әуе қатынасын орнату мәселесі талқыланды.

Келіссөздер нәтижесінде алғаш рет Қазақстан мен Сейшел аралдарының өкілдері меморандумға қол қойды.

Оған сәйкес қос мемлекеттің тасымалдаушылары әр тараптан әуе кемесінің кез келген түрімен аптасына 7 тұрақты рейсті орындау құқығына ие болды, - деп жазылған хабарламада.

Министр Энтони Дерьякуестің айтуынша, Air Seychelles ұлттық әуекомпаниясы қол қойылған құжат негізінде 2023 жылы қаңтарда Виктория – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама