×

Алматыда 7 мыңнан аса студент жатақханаларға орнастырылды

Олар қаладағы 35 университетте білім алып жатыр

 Дәурен Ерболат 30.09.2022 | 12:45
Фото: SDU

Алматыда 7 мыңнан аса студент жатақханалар мен хостелдерге орналастырылды деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы үш аптада Алматыдағы 35 жоғары оқу орнының 7 мыңнан аса студенті қосымша жатақханалар мен хостельдерге орналасты. Кейбір университеттер өз студенттері үшін жекеменшік жатақханалар мен хостелдерді жалға алды, ал кейбір институттар өз балансындағы ғимараттарды студенттер баспанасына айналдырды, - деп жазылған хабарламада.

Мысалы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттерді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің, Еуразиялық технология университетінің жатақханаларына қосымша орналастырған. Сондай-ақ университет өз студенттері үшін жекеменшік жатақханалар мен хостелдерден жатын орынды жалға алған.

«Satbayev University, Халықаралық білім беру корпорациясы, «Тұран» университеті және басқа да жоғары оқу орындары жоғары курс студенттері үшін қосымша баспаналарды, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлерден жатақханалар мен хостелдерді жалға алды», - деп жазылған хабардамада.

Қаладағы 1-курс студенттері жаңа оқу жылының басында толық жатақханамен қамтамасыз етілген. Студенттерді баспанамен қамту мәселесі Ғылым және жоғары білім министрлігінің бақылауында.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 104 азаматтық жоғарғы оқу орнында 309 жатақхана бар. Онда 101 мыңнан астам студент тұрады. 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанда 5 мың орындық тағы 17 жатақхананы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама