×

Ресей мен Қазақстан шекарасында мобилизация пункті ашылмақ

Қазақстанға бет алғандардың арасында әскер жасындағы ерлердің саны басым

 Динара Амантай 29.09.2022 | 15:09
Фото: profile.ru

Ресейден елімізге қарай көп шақырымдық кептеліс жиналған Астрахан облысы мен Қазақстан шекарасында жақын күндері жұмылдыру пункті орналастырылады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Өңір билігінің мәліметінше, Қазақстанға бет алғандардың арасында әскер жасындағы ерлердің саны басым.

Өткізу пунктінде шекарадан өтуге ниеттенген адамдардың құжаттарын жұмылдырылуға жататын азаматтардың федералды реестрімен сәйкестендіріп, әскерге шақыру критерийлеріне сәйкес келетін, ішінара жұмылдырудан кейінге қалдыруға құқығы жоқ немесе әскери комиссариаттан кетуге рұқсат қағазы жоқ азаматтарды өткізбей бастады. Алдағы күндері Қазақстанмен шекарада сотқа шақыру қағазын беретін уақытша жартылай жұмылдыру пункті құрылады, - деп ескертті әкімдіктен.

Кеше, 28 қыркүйекте облыс әкімдігі елімізбен шекаралас Краснояр өлкесінде жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібінің бұзылуына жоғары дабыл режимін енгізді. Енді олар Астрахань-Красный Яр тас жолын біршама босатпақ ниетте. Ол үшін билік жол қозғалысын уақытша шектеу жұмыстарын бастады.

«Қараөзек» автобақылау бекеті Красноярск өлкесінде орналасқан, ол жерден Ресей азаматтары Батыс Қазақстан облысы аумағына өтіп жатыр.

Еске сала кетсек, Ресей билігі 21 қыркүйекте ішінара жұмылдыру жариялаған соң біздің елге орыстардың легі күшейді. 21-26 қыркүйек аралығында ел аумағына барлығы 98 мыңға жуық ресейліктер кірген. Ішкі істер министрлігі көптеген ресейлік азамат Қазақстанды Қырғызстан мен Өзбекстанға көшу үшін транзиттік ел ретінде пайдаланатынын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама