×

20-ға жуық шетелдік елден күштеп шығарылды

Олар Ұлытау облысында бірнеше рет заң бұзған

 Қымбат Елтайқызы 05.05.2024 | 10:01
фото: polisia.kz

Ұлытау полицейлері өңірде 16 шетел азаматының заңсыз еңбектенгенін анықтап, аталған заң бұзушылықты тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл аймақта заңсыз жұмыс істеген шетелдіктердің ішінде Өзбекстанның 7 азаматы және Тәжікстанның 9 азаматы бар. Аталған шетелдіктердің Сәтбаев қаласында тиісті рұқсатсыз әрі құжатсыз болғаны және жұмыс істегені анықталды.

Шетелдіктер Қазақстан халқының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, әкімшілік жауапқа тартылып, сот қаулысымен шығарылған талапты орындамай, Сәтбаев қаласында заңсыз жұмыс істеген. Одан бөлек, Тәжікстанның 2 азаматының Алматы қаласының соты шығарған қаулы талаптарын орындамай, жауапкершіліктен жалтарғаны анықталды, - дейді Ішкі істер министрлігі.

Polisia.kz мәліметінше, шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тартқан жұмыс берушілер де жауапқа тартылды. Барлық шетел азаматы ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.

Бұған дейін Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы жауапқа тартылғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ Қарағандыда еңбек мигранттарына жалған медициналық анықтамалар беріліп келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама