×

Катар әлем чемпионатына 208 млрд еуро жұмсады

Мундиаль -  ұлттық даму стратегиясы. Ақша осы жобаға арналып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 28.09.2022 | 17:09
фото: ашық дереккөз

Катар футболдан өтетін әлем чемпионатына 208 млрд еуро жұмсап, әлемдік доданы өткізу бойынша тарихи рекорд жасады.

«The Sun» басылымының хабарлауынша, Катар елі 2022 жылғы әлем чемпионатына қазірдің өзінде шамамен 208 млрд еуро жұмсаған. Бұл 2018 жылғы әлем чемпионатынан 17 есе көп. Ресейде өткен турнирге 11,6 млрд фунт (шамамен 13 млрд еуро) жұмсалған.

Әлем чемпинаты турнирінің коммуникациялар жөніндегі директоры Фатма Әл-Нуайми қомақты қаржының қайда жұмсалғаны туралы былай lдеді:

Әлем чемпионаты Катардың 2030 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының бір бөлігі болып отыр. Бұл мемлекеттік деңгейдегі үлкен стратегия. Осы арқылы бүкіл ел бойынша қалалардың, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласын дамыту, білім беруді және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту көзделген. 

Әлем чемпионаты - ұлттық даму стратегиясы. Ақша осы жобаға арналып отыр.

Биыл пайдаланылануға берілетін ірі инфрақұрылым нысандары, жолдар, метро, ​​әуежай, қонақүйлер және басқа да көптеген туристік нысандар әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алғанға дейін жоспарланған болатын, –  деді Әл-Нуайми.

Бразилия 2014 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге 15 млрд фунт стерлинг (шамамен 17 млрд еуро), 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасы 3,6 млрд фунт (шамамен 4 млрд еуро) қаржы жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама